ПЕРИНАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯСЫ ОРТАЛЫҒЫ
Науқастарды қолдау орталығы
Бірыңғай Call орталығы тәулік бойы және тегін 3000-103
Емхана: 8 (727) 337 84 74
Емхана: 8 (727) 337 84 58
Қабылдау бөлімі: 8 (727) 337-84-76
Анықтама бөлімі: 8 (727) 337-87-84
Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 337-87-87
Call орталығы: 8 (708) 983-28-45

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
 
Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
 
Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
 
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде құжаттың мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс.
 
Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметкерлер:
 
1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге міндетті;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті;
5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға міндетті;
6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, ҚР заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті;
7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға міндетті;
8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға міндетті;
12) Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына толығымен бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты шаралар қабылдау;
13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге.
14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетті.
 
ВМемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
 
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
 
Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
 
Жарлықпен сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді.
 
УӘдеп жөніндегі уәкіл-қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші
 
Орталық атқарушы органдарда әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеуді - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда - мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдарда - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары жүзеге асырады.
 
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.